2013 жылы «Первый Пивзавод»-тың қаржылық серіктесі «Сбербанк» АҚ ЕБ болды, ол 2006 жылдан бастап, республика банк жүйесінің жетекші ойыншыларының бірі бола отырып, Қазақстанның қаржы нарығында табысты жұмыс істейді.

Ынтымақтастықты түсіндіре отырып, «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының орынбасары Шухрат Садыров: «"Сбербанк" әрқашан қызықты және перспективалы жобаларға қолдау көрсетуге дайын, ал «Первый Пивзавод»-ты қалпына келтіру дәл осындай бастамаларға жатады. Зауытта қолданылатын заманауи технологиялар мен өндіріс стандарттары қазақстандық өндіруші мәртебесін жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенімдімін. Әрине, мұндай үлкен өндірісті іске қосу аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізеді, бұл "Сбербанк"стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді» деді.

OeTTINGER компаниясы 1731 жылы құрылды, және бүгінгі күні Германияда сату көлемі бойынша жетекші орынға ие сыра қайнататын компания болып табылады.

Компаниялар тобына Германиядағы 5 сыра қайнату зауыты кіреді, олардың өнімдері әлемнің 100-ге жуық еліне жеткізіледі.

Мәскеу сыра қайнату компаниясы 2008 жылдың қыркүйегінде өз өндірісінің өнімдерімен ресейлік сусындар нарығына шықты. Компанияның құрамына Ресейдегі ең заманауи сыра қайнату зауыты, сондай-ақ меншікті дистрибьюторлық және логистикалық орталықтар кіреді.

Компания Ресей нарығына "Жигули", "Хамовники", "Трехгорное", "Эль Мохнатый Шмель", "Яхонт" квасы, сондай-ақ лицензиялық OeTTINGER, FAXE, irin Ichiban (Жапония), Carling (Ұлыбритания), Hollandia (Нидерланды) және т. б. сусындардың кең ассортиментін жеткізеді.

Бүгін Heineken Еуропада нөмірі бір сыра қайнату компаниясы болып табылады және сату көлемі бойынша әлемде үшінші орын алады. Компания тамаша сыра сұрыптарын өндіреді және ұлы брендтер жасайды. Heineken маркасынан басқа, Amstel, Murphy 's және Foster' s қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша 200-ден астам халықаралық, аймақтық, жергілікті және арнайы сыра маркалары шығарылады.

2013 жылдан бастап, «Первый Пивзавод» Қазақстан аумағында Heineken маркасының ресми импорттаушысы болып табылады.


FaLang translation system by Faboba